Баку астық терминалы" ЖШҚ - 2006 жылы Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының екіжақты экономикалық ынтымақтастығы шеңберінде құрылған Әзірбайжан-Қазақстан бірлескен кәсіпорны.
Баку астық терминалы Баку халықаралық Говсан теңіз портының аумағында орналасқан.
Терминалда астықты уақытша сақтауға арналған жалпы көлемі 15 мың тонна 5 сүрлем бар. Терминалдың ауыстырып тиеу бойынша технологиялық желілерінің өндірістік қуаты сағатына 250-300 тонна астықты құрайды, бұл теңіз кемелерінен қабылдау және теміржол вагондарына жөнелту, сондай-ақ авто және т/ж көлігінен қабылдау және теңіз кемелеріне тәулігіне 1,5 мың тоннаға дейін астық жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Терминал құрамына тәулігіне 150 тонна ұн шығаратын диірмен кешені кіреді. Диірмен жабдықтары әлемдік көшбасшысы "Buhler" (Швейцария) компаниясынан. Терминал мен диірмен ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін барлық технологиялық циклді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.
Сонымен қатар, терминал өзінің шикізатын өңдеу және астықты беру-алу бойынша қызмет көрсетеді.