Компания жаңалықтары

"Әзірбайжан-Қазақстан, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" - іс-шара Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінде

"Әзірбайжан-Қазақстан, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" - іс-шара Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінде
2021 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінде екі елдің мемлекеттік секторы, іскер топтары мен ұлттық компаниялары өкілдерінің достық кездесуі болып өтті, онда Қазақстан мен Әзірбайжанның қазіргі заманғы экономикалық басымдықтары, екі достас мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен даму келешегі талқыланды. Кездесудің негізгі ұраны: "Әзірбайжан-Қазақстан, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері".
Кездесу барысында "Баку астық терминалы" ЖШҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Идрисов Сагат баяндама жасап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасы саласындағы ынтымақтастық келешегін атап өтті және қазақстандық азық-түлік бидайының Әзірбайжан Республикасына экспортының ұлғаюына және Қазақстанның осы мәселе бойынша бұрынғы жетекші позицияға оралуына үміт білдірді. Баяндамада сондай-ақ жоғары сапалы қазақстандық бидайдан "Баку астық терминалы" ЖШҚ-да шығарылатын "Bayterek" брендінің ұнын сатуды ұлғайту қажеттілігі туралы мәселе қозғалды.
Іс-шара соңында дәстүрлі қазақ тағамдарымен фуршет ұйымдастырылды.