2021 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Елшісі Сержан Әбдікәрімов "Говсан" Баку халықаралық теңіз сауда портына бару аясында "Баку астық терминалы" Қазақстан-Әзірбайжан бірлескен кәсіпорнында болды.
Іссапар барысында қазақстандық астықты тасымалдау, қабылдау және сақтау, оның "Баку астық терминалы" ЖШҚ арқылы Әзірбайжанның ішкі нарығына жеткізілуін ұлғайту және үшінші елдерге транзиті мәселелері талқыланды.

